Жаңалықтар

Спецназ болғым келді – UFC-дегі қазақстандық файтер

Бекзат Алмахан бала күнгі арманын айтты

UFC промоушенінде өнер көрсететін қазақстандық файтер Бекзат Алмахан Kana Beisekeyev Youtube арнасына берген сұқбатында өзінің бала күнгі арманы туралы айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Қазақстандық файтер UFC промоушенінде әзірге бір жекпе-жек өткізді. Ол өзінің дебютін Умар Нурмагомедовке қарсы өткізген болатын. Бұл жекпе-жекте Бекзат Алмахан дагестандық файтерге есе жіберіп қойды.