Үлкен теннис

Астанада теннистен Қазақстан кубогы басталды

Теннистен ел кубогы сарапқа салынады

Астанада теннистен Қазақстан кубогы турнирі басталды. Бұл доданың бірінші жарыс күнінде іріктеу ойындары өтті, деп Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Өкінішке қарай, турнирдің бұл кезеңінде қазақстандық жас теннисшілер жарқын жеңіске қол жеткізе алмады.

Теннисші Ислам Орынбасар үндістандық Праджвал Деваға 1:6, 0:6 есебімен есе жіберіп қойды.

Ал келесі отандасымыз Ерасыл Ерділдә ресейлік Петр Бирюковтан жеңіліс тапты – 3:6, 4:6.

Сондай-ақ, Ілияс Маратұлы мен Виталий Зацепин де ресейлік қарыластарына жол берді.