Футбол

«Алтын доптың» басты үміткері анықталды

Үздік ондықта Месси мен Роналду жоқ

Еуропа чемпионаты мен Америка кубогы секілді ірі додалар өз мәресіне жеткеннен кейін атақты Goal порталының журналистері «Алтын допқа» басты үміткерлердің тізімін жариялады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Бұл тізімде Еуро-2024 турнирінің үздік ойыншысы атанған Родри Эрнандес көш бастады. Родри қазіргі уақытта Испания құрамасы мен «Манчестер Сити» клубының белді ойыншысы.

Ал биылғы футбол маусымының басты жұлдыздары саналатын «Реал Мадрид» клубының футболшылары Жуниор Винисиус пен Джуд Беллингем тізімнің кейінгі сатысына жайғасты. 

Аталмыш рейтингтің үздік 20 ойыншысының тізіміне Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси де енді. Сегіз мәрте «Алтын допты» иеленген аргентиналық футболшы рейтингтің 16-сатысында тұр.

Еуро-2024 турнирінің жарқын жұлдызына айналған испаниялық Ламин Ямаль тізімнің 12-сатысына тұрақтады.

«Алтын допқа» үміткер 20 ойыншының тізімі:

1. Родри («Манчестер Сити»);

2. Винисиус Жуниор («Реал»);

3. Джуд Беллингем («Реал»);

4. Даниэль Карвахаль («Реал»);

5. Лаутаро Мартинес («Интер»);

6. Тони Кроос («Реал»);

7. Килиан Мбаппе («Реал»);

8. Харри Кейн («Бавария»);

9. Филип Фоден («Манчестер Сити»);

10. Нико Уильямс («Атлетик»);

11. Флориан Виртц («Байер»);

12. Ламин Ямаль («Барселона»);

13. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити»);

14. Эмилиано Мартинес («Астон Вилла»);

15. Альваро Мората («Атлетико»);

16. Лионель Месси («Интер Майами»);

17. Хулиан Альварес («Манчестер Сити»);

18. Дани Ольмо («РБ Лейпциг»);

19. Букайо Сака («Арсенал»);

20. Родриго («Реал»).