Футбол

«Тұраннан» «Каспийге»: Шәмші клуб ауыстырды

Қазақстандық жартылай қорғаушы Самат Шәмші «Тұраннан» кетті

28 жасар қазақстандық жартылай қорғаушы Самат Шәмші «Тұран» футбол клубынан кетіп, ақтаулық «Каспий» сапына қосылды, деп хабарлайды dopmedia.kz

Келісімшарт екі жақ тараптың келісімімен бұзылды.  Шәмші осы маусымда «Тұран» үшін 6 ойын өткізді. 

Жартылай қорғаушы бұған дейін «Ордабасы», «Оқжетпес» және «Қыран» футбол клубтарында ойнаған болатын.