Ерлер

Еуро-2024 турнирінде Испания құрамасы қанша табыс тапты?

Испания турнирдегі ең үлкен қаржылай сыйақыға ие болды

14 шілдеде Испания мен Англия құрамалары арасында Еуро-2024 додасының финалдық матчы өтті. Тартысқа толы ойында испаниялықтардың бәсі басым болып, турнирдің жеңімпаздары атанды. Осы жеңісінен кейін олар үлкен мөлшердегі қаржылай сыйақыға ие болды, деп Dopmedia.kz тілшісі УЕФА-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Испания командасы бұл турнирдегі ең үлкен қаржылай сыйақыға ие болды.УЕФА Испания құрамасына топтық кезеңдегі жеңісі үшін 1 миллион еуро (тең нәтиже үшін 0,5 миллион), 1/8 финалға шыққаны үшін 1.5 миллион еуро, ширек финалға шыққаны үшін 2,5 миллион, жартылай финалға шыққаны үшін 4 миллион еуро, финалға шыққаны үшін 5 миллион еуро және турнирде жеңіске жеткені үшін 8 миллион еуро төледі. 

Ал турнирге қатысқан әр команда 9,25 миллион еуродан еншіледі.

Осылайша, Испания құрамасы УЕФА-дан ең үлкен мөлшердегі сыйақыны еншіледі – 28,25 миллион еуро. Ал ақтық сында сүрінген Англия құрамасы 24,25 миллион еуроны қанжығасына байлады.