Үлкен теннис

Қазақстандық теннисші жұптық сында жеңіске жетті

Анна Данилина Будапештегі турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Будапештегі турнирде жұптық сындағы алғашқы ойынын өткізді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Ресейлік Ирина Хромачевамен бірге қазақстандық теннисші Анастасия Децюк – Бибиана Схоофске қарсы кездесті. Ойынның нәтижесі бойынша Данилиниа – Хромачева жұбы 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. 

1/8 финалдық кездесуіндегі бұл ойын бір сағатқа жуық уақытқа созылды.

Айта кетелік, 28 жастағы Данилина қазіргі уақытта WTA-дың жұптық сындағы әлемдік рейтингінде 50-орынға жайғасты, бұл қазақстандық теннисшілер арасындағы үздік нәтиже болып саналады.