Үлкен теннис

Шевченко Гамбургтағы турнирдің екінші кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисші Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші кезеңіне шықты

23 жасар теннисшінің корттағы қарсыласы германиялық теннисші Рудольф Меллекер болды,-деп хабарлайды dopmedia.kz

Ойын үш сетте 6:4, 4:6, 6:4 есебімен бітіп, отандасымыз жеңіске жетті.

Кездесу 2 сағат 6 минутқа созылды.