Футбол

Penaldo дауы: BBC Криштиану Роналдуға қатысты қандай қателік жіберді?

EURO2024 ойынында кеткен қателік әлде мазақ ету.

Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Португалия мен Словения арасындағы матч кезінде Британдық хабар тарату корпорациясы (BBC) португалиялық шабуылшы Криштиану Роналдудың есімін өзгерткен.

105-минутта Криштиану Роналду пенальтиден гол соға алмаған сәтінде эфирде "Misstiano Penaldo" деп жазылған титр пайда болды. Бұл жағдайды бұрынғы Англия құрамасының және Лондондық "Челси" клубының қорғаушысы Джон Терри әлеуметтік желіде сынға алып, оны "ұят" деп атады. Роналду бұған дейін Англия чемпионатында "Манчестер Юнайтед" клубында ойнаған.

Франкфуртте өткен 1/8 финалдық кездесуінің негізгі және қосымша уақыты 0:0 есебімен аяқталды. Ойыннан кейінгі пенальти сериясында португалиялықтар 3:0 есебімен жеңіске жетті. Роналду пенальти сериясында португалиялықтардың бір голын соқты.

ЕВРО-2024 турнирінің ¼ финалында Португалия құрамасы Франция құрамасымен кездеседі. Бұл кездесу 5 шілдеде Гамбургте өтеді.