Футбол

Урега «Астана» сапынан кетеді

Франциялық жартылай қорғаушы «Астана» футбол клубымен қоштасады

«Астана» футбол клубының  жартылай қорғаушысы Фабьен Урега клубтан кетеді, деп хабарлайды dopmedia.kz

Биылғы маусымда 31 жасар ойыншы жалпы сегіз ойынға қатысып, бірде бір гол соққан жоқ.  2023 жылғы маусымда Урега 22 ойын өткізіп, тек бір гол соққан болатын. 

«Астанаға» ауысқанға дейін Урега  «Париж»,  «Сошода»,  бельгиялық «Виртон» және литвалық «Жальгирис» командаларында ойнады.