«Бізге өз киім үлгіміз ұнайды» – Тамара Дүйсенова
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова Қазақстан спортшыларының Олимпиадаға киетін формасына қатысты наразылық білдірген халыққа жауап берді
Журналистер Премьер-Министрдің орынбасарынан Олимпиада-2024 ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылардың бірыңғай формасына қатысты пікірін сұрады. Тамара Дүйсенованың айтуынша формамызда еш мін жоқ .Бұған жауап ретінде журналистер Моңғолия спортшыларының формасын мысалға келтіріп, оның әлеуметтік желіде көп талқыланып жатқанын хабарлады.
"Әр елдің өз формасы өзіне ұнайды. Бізге өзіміздікі ұнайды", - деп толықтырды Тамара Дүйсенова.
Журналистер Қазақстандықтардың форма жиынтығында қысқы бас киім бар екенін және спортшыларымыз оны Парижге киіп баратынын хабарлады.
"Әріптестер, формамыз жап-жақсы. Ең бастысы спортшыларымыздан жақсы нәтиже күтейік", — деді Дүйсенова.