Футбол

"Реал Мадрид" Мбаппені ресми таныстырды (видео)

Килиан Мбаппе ресми түрде "Реал Мадрид" ойыншысы

Бүгін, 16 шілдеде Франция ұлттық құрамасының ойыншысы Килиан Мбаппе испаниялық "Реал Мадрид" клубының жаңа футболшысы ретінде ресми түрде таныстырылды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Футболшыны таныстыру жиыны Мадридтегі (Испания) «Сантьяго Бернабеу» стадионында өтті. AS басылымының мәліметінше, Мбаппені көруге 80 мыңға жуық жанкүйер келген.

Килиан Мбаппе «Реал Мадрид» клубымен 5 жылға келісімшарт жасасты. Ол мадридтік клубта 9-нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.