Жаңалықтар

Шавкат Рахмонов UFC президентін таңғалдырған

Файтердің менеджері Саят Абдрахманов сұқбат берді

Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахманов Dope Soz Youtube арнасына берген сұқбатында қазақстандық файтердің жанкештілігі туралы айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Спортшының менеджері Саят Абдрахмановтың айтуынша, 2023 жылдың наурызында америкалық файтер Джефф Нилге қарсы жекпе-жегінде Шавкат Рахмонов жанкештілік танытып, жанын сала жұдырықтасқан. Нәтижесінде Шавкат Рахмонов үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіске жетті. 

Айта кетелік, Шавкат UFC-де 6 жекпе-жек өткізіп, бәрінде де жеңіске жетті. Қазіргі таңда Шавкат Рахмонов жартылай орта дивизионда үшінші орынға жайғасқан.