Футзал

Әлемнің үш дүркін үздік ойыншысы "Семейге" ауысты

"Барселонада" ойнаған Феррао семейлік клубтың қатарына қосылды

Футзалдан Қазақстан чемпионы "Семей" клубы бразилиялық ойыншы Ферраоны ресми таныстырды. Бұл туралы Dopmedia.kz семейлік клубтың Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Кеше, 16 шілдеде "Семей" футзал клубы бразилиялық ойыншы Ферраоны ресми таныстырды.

Әлемнің үш дүркін үздік ойыншысы Феррао бұған дейін 2014 жылдан бері испаниялық "Барселона" футзал клубының сапында өнер көрсетіп келді. 33 жастағы бразилиялық үш мәрте Испания чемпионы атанды (2018/19, 2020/21, 2021/22), екі рет Чемпиондар лигасының кубогын иеленді, сонымен қатар үш рет әлемнің үздік ойыншысы атағын алды (2019, 2020, 2021).

Айта кетелік, биыл"Семей" чемпионатты жеңіп алып, "Қайраттың" 20 жылдық чемпиондық сериясын үзді. Келесі маусымда "Семей" мен "Қайрат" УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді.