Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегі қашан өтеді? Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

Қазақстандық файтердің менеджері мәлімдеме жасады

UFC промоушенінің жартылай орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін файтер Шавкат Рахмоновтың менеджері Саят Абдрахманов Вестник ММА Youtube арнасына берген сұқбатында файтердің келесі жекпе-жекті қашан өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

"Шавкат күзге дайындалып жатыр. Енді Джек Делл Маддаленның жарақатын ескере отырып, титулдық жекпе-жектің қалай өтетінін бағамдауға болады. Осыдан кейін ғана Шавкаттың келесі жекпе-жегінің уақытын жоспарлаймыз. Шавкаттың келесі қарсыласы Маддален бола ма? Жоқ, біз оған назар аудармаймыз. Біздің мақсатымыз – титулды жекпе-жек", – деді Саят Абдрахманов.

Айта кетелік, UFC 304 турнирінің басты жекпе-жегінде жартылай орта салмақ дәрежесінің чемпионы Леон Эдвардс пен Белал Мұхаммед кездеседі.

Шавкат Рахмонов аралас жекпе-жекте 18 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ол өзінің соңғы жекпе-жегі UFC 296 турнирінде Стивен Томпсонға қарсы өткізді. Шавкат Рахмонов қарсыласын екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді. 

    Көп оқылды: