Ерлер

Маңызды ойын қарсаңында "Ақтөбеден" Баджо кетті

Бауыржан Байтана ақтөбелік клубпен келісімшартты үзді

"Ақтөбе" футбол клубы "Баджо" лақап атымен танымал қазақстандық жартылай қорғаушы Бауыржан Байтананың командадан кететінін мәлімдеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

32 жастағы қазақстандық футболшы 2022 жылғы маусымның барысында "Ақтөбе" клубының сапына қайта оралып, барлық тунирлерде 44 матчқа қатысып, екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Клубтың қатарында Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, ел біріншілігінде "Ақтөбе" клубы турнир кестесінде 22 ұпай еншілеп, 2-орынға жайғасқан. Ал турнирлік кестеде шымкенттік "Ордабасы" командасы 25 ұпаймен көш бастап келеді.

Ертең, 18 шілдеде ақтөбелік ұжым Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында босниялық "Сараевоға" қарсы қарымта матчын өткізеді. Бірінші ойында "Ақтөбе" клубы өз алаңында 0:1 есебімен жеңіліс тапқан болатын.