Жаңалықтар

Париж Олимпиадасы: тұңғыш рет ерлер мен әйелдердің үлесі теңесті

Жазғы Олимпиада ойындары тарихындағы гендерлік мәселе

Франция астанасы Парижде өтетін Жазғы Олимпиада ойындарында тұңғыш рет ерлер мен әйелдердің үлесі теңесті. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.

ҚР Спорт және туризм министрлігінің мәліметінше, Париж Олимпиадасында тұңғыш рет ерлер мен әйелдердің үлесі 50/50 пайызды құрайды. Қазақстан атынан Париж Олимпиадасына 80 спортшы қатысады. Еліміздегі жағдай басқаша: Олимпиадаға аттанатын спортшылардың 54-і ер адам болса, 26-сы әйел адам.

Еліміз өз тарихында төрт жылдықтың басты бәсекесінде 71 медаль еншілеген, ал оның 18-ін әйелдер жеңіп алған. 

Әйелдер арасында тұңғыш Олимпиада жүлдесін жеңіл атлет Ольга Шишигина 2000 жылы Сиднейде өткен додада жеңіп алды.

Ал ең көп медальды тағы бір жеңіл атлетіміз Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден ұтып алды. Пекинде күміс еншілеп (2008), Лондонда алтын алқа тағып (2012), Рио-де-Жанейрода қола жүлдеге қол жеткізді (2016).

Ел тарихында көп жүлде ауыр атлетика (5) мен күрестен (5) бұйырды. 

Сіздердің назарларыңызға осыған дейін өткен Олимпиада ойындары мен осы бәсекеде топ жарған спортшыларымыздың көрсеткіштерін ұсынамыз:

 

1996 жыл – Атланта Олимпиадасы

96 қатысушы (72 ер, 24 әйел)

11 жүлдені де ерлер алды.

2000 жыл – Сидней Олимпиадасы

130 қатысушы (86 ер, 44 әйел)

6 жүлдені ер және әйелдер арасындағы алғашқы жүлде Ольга Шишигинаға тиесілі.

2004 жыл – Афина Олимпиадасы

114 қатысушы (71 ер, 43 әйел)

8 жүлдені ер адамдар алды.

2008 жыл – Бейжің Олимпиадасы

130 қатысушы (60 ер, 70 әйел)

6 жүлдені ерлер, 3 жүлдені әйелдер еншіледі.

2012 жыл – Лондон Олимпиадасы

113 қатысушы (73 ер, 40 әйел)

7 жүлдені ерлер, 4 жүлдені әйелдер еншіледі.

2016 жыл – Рио Олимпиадасы

101 қатысушы (55 ер, 46 әйел)

10 жүлдені ер адамдар, 8 жүлдені әйел адамдар еншіледі.

2021 жыл – Токио Олимпиадасы

97 қатысушы (64 ер, 33 әйел)

6 жүлдені ерлер, 2 жүлдені әйелдер еншіледі.