"Әлеуметтік желіде емес, рингте төбелесу керек"- Әлімханұлы
Америкалық телепродюссер және бокс шолушысы Марк Ортега қазақстандық боксердың әлеуметтік желідегі жазбасына жауап қатты
WBO және IBF нұсқалары бойынша бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында WBC белбеуінің иегері Карлос Адамеске қатысты жазба қалдырды,- деп хабарлайды dopmedia.kz
Ортега өз кезегінде "Қазақ стиліне" соңғы орын алған оқиғаны есіне түсіртіп, келесідей үн қатты:
Айта кетейік, 14 шілде күні Жәнібек Әлімханұлы мен жаңа зеландиялық Андрей Михойлович екеуінің арасында Лос-Анджелесте жекпе-жек өту керек еді. Алайда, шарадан 2 күн бұрын қазақстандық боксер жаттығу залында салмақ қуу кезінде өзін нашар сезініп, шұғыл ауруханаға жатқызылған болатын.