Футбол

Англия ұлттық құрамасының келесі бапкері кім?

Чемпиондар Лигасының екі дүркін жеңімпазы Англия ұлттық құрамасына бапкерлік етуі мүмкін

Англияның Футбол Қауымдастығы уақытша бас бапкер ретінде Хосеп Гвардиоланы қарастыруда,- деп хабарлайды dopmedia.kz

Егер де Гвардиола "Манчестер сити" сапындағы бапкерлік жолын аяқтайтын болса, онда ұлттық құраманы басқаруы әбден мүмкін. Ағылшындардың айтуынша, жаңадан тағайындалатын бапкер ұлттық құраманың мәдениетін түсінуі керек және бұл лауазымға Гвардиола әбден лайық. 

Бұған дейін құраманың бас бапкер лауазымына "Ньюкасл" футбол клубының бапкері Эдди Хау немесе футболдан әйелдер құрамасының бапкері Сарина Вигман қарастырылғаны жарияланған болатын. 

Гвардиола 2024/2025 маусымын аяқтап, "қалалықтардың" қатарынан кетуге шешім қабылдаса, онда ұлттық құрама сапында жетекшілік еткенін көруіміз де мүмкін. 

Айта кетейік, ұлттық құраманың бас бапкері лауазымын 8 жыл бойы атқарып келген Гарет Саутгейт күні кеше орынын босатты. Саутгейттің жетекшілігмен ағылшындар Еуропа чемпионатының шешуші кезеңіне 2 рет шығып, кубок иегері атана алмады.