Әйелдер

Қазақстан әйелдер құрамасы Болгариямен тең тарқасты

Сырт алаңдағы ойында есеп ашылмады

Футболдан 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында С4 тобында Болгария мен Қазақстан әйелдер құрамалары кездесті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Матчта есеп ашылмай, қос команда тең нәтижені қанағат тұтты. Осылайша, Мадияр Кембілов баптаған құрама Еуро-2025 іріктеу кезеңінде С4 тобында 4 ұпаймен төртінші орынға жайғасты.