Футбол

«Мен Румыниядан шайқас ойын күтемін» — Рональд Куман

Бүгін түнде Еуропа чемпионатының аясында Румыния және Нидерланды ұлттық құрамаларының арасында доп додасы өтеді.

Нидерланды футбол құрамасының бапкері Рональд Куман алдағы ойынға қатысты өз пікірін білдірді. 

«Біз ұлтшыл халықпыз. Жеңіске жеткенді және сапалы футбол ойнағанды жақсы көреміз. Әрдайым басымызға бақ шапа бермейді, бірақ Румынияға қарсы ойынға бар күшімізді салып дайындалдық. Құраманы тұрақты етіп, бос кеңістік қалдырмай, прессинг жасауға ден қойып отырмыз. Аустрияға қатысты ойында өзімізді толық көрсете алмадық. Бұл қарсы құрамаға сенімділік ұялатса, бізге кері әсері тиді. 

Румыния құрамасынан агрессивті ойын күтемін. Олар физикалық түрде өз алаңдарын қорғауда мықты»,- дейді Куман. 

Ойынды бүгін кешке QazSport арнасынан 20:50-де тамашалай аласыздар.