ІІМ мен ҰОК әріптестік орнатты
Ішкі істер министрі мен Ұлттық Олимпиадалық комитет президенті полиция ведомствосында әріптестік туралы келісімге қол қойды.
Бұл келісімнің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, республикамыздағы олимпиадалық қозғалыстың одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету.-деп хабарлайды dopmedia.kz тілшісі olympyc.kz сайтына сілтеме жасап.
Даңқты боксшы, еліміздің мақтанышы Геннадий Головкин де «Динамо» дене шынықтыру қоғамдастығының тәрбиеленушісі. Ұлттық Олимпиада комитеті басшысы отандық спортты дамыту бірлескен күшті талап ететін жауапты іс екенін алға тартты.