Ерлер

Басы дауға қалған аргентиналық футболшы тосын мәлімдеме жасады

Энцо Фернандес тосын мәлімдеме жасады

Аргентина құрамасының жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес Франция құрамасының футболшыларына қарсы нәсілшілдікке бағытталған сөздер айтқаны үшін кешірім сұрады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Айта кетейік, Америка кубогының финалында жеңіске жеткен Аргентина құрамасының футболшылары нәсілшілдікке бағытталған ән айтты. Кубокты жеңіп алғаннан кейін футболшы Энцо Фернандес әлеуметтік желіде тікелей эфирге шығып, командаластарымен "Франция құрамасында ойнайды, бірақ олардың барлығы Анголадан шыққан" деген сөздер кездесетін әнді айтып, көпшіліктің наразылығын тудырған.

Ал осы оқиғадан кейін Франция футбол федерациясы баспасөз қызметі Аргентина құрамасының футболшыларының осы ісіне наразы екенін және ФИФА-ға тиісті шағым түсіретінін айтқан болатын.