Футбол

Мәскеуде Черчесов пен Адиев кездесті: не туралы ақылдасты?

Станислав Черчесов пен Магомед Адиев Мәскеуде кездесті

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов пен "Ахмат" клубының бас бапкері Магомед Әдиев Мәскеуде кездесіп, ұлттық құраманың негізгі мәселелерін талқылады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі ұлттық құраманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кездесуде әр түрлі тақырыпта әңгіме өрбіді. Оның ішінде өткен Еуро-2024 турнирінің іріктеу кезеңіне шақырылған футболшылардың ойынын талдап, құрамадағы болашағы жайлы кеңесті.

Станислав Черчесов команда құрамын жасақтауда әрбір ойыншы жайлы жан-жақты ақпарат жинаудың маңызын атап өтті. 

Магомед Адиев болса, Қазақстан құрамасы жаңа бапкерлік құраммен халықаралық аренада ел намысын лайықты қорғайтынына сенім білдіріп, жаңа іріктеу кезеңіне сәттілік тіледі.

Өз кезегінде, Станислав Черчесов Ресей чемпионатының жаңа маусымында Магомед Мұсаұлының жұмысына да сәттілік тіледі.