Үлкен теннис

Уимблдон-2024: Рыбакина мен Путинцева кездеседі

Бүгін, 2 шілде күні Қазақстанның ең үздік теннисшілері Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Уимблдонда өздерінің алғашқы ойындарын өткізеді.

Англияның Лондон қаласында өтіп жатқан ойында әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина бірінші айналымда румыниялық Елена-Габриела Русемен кездеседі. 

Ал, әлемдік рейтингте 35-ші орында тұрған Юлия Путинцева Германиялық Анжелика Керберге қарсы алаңға шығады. 

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина 2022 жылғы Уимблдон ойындарының жеңімпазы атанған болатын. Путинцева үш жыл қатарынан турнирді бірінші айналымда аяқтады.