Футбол

«Алтын допты» кім алады? — EURO бәрін өзгертіп жіберді

«Алтын допқа» үміткерлер: Винисус, Беллингем және Кроос

Испанияның Еуропа чемпионатындағы жеңісі букмекерлік кеңселердің Алтын доп үшін күрестегі негізгі фавориттерге коэффициенттерді қайта есептеуіне себеп болды,-деп хабарлайды dopmedia.kz 

Мұның бірнеше себептері бар. 

Біріншіден, «Алтын допқа» басты үміткер Винисиус Бразилия құрамасымен бірге Кубок додасынан сүрінбей өтті. «Реал Мадрид» ойыншысы топтық кезеңде Парагвайға қарсы екі гол соқты. 
Бірақ екі сары қағаз алып үлгердія Сондықтан дисквалификацияға байланысты плей-офф кезеңіндегі Уругвайға қарсы бірінші матчқа өте  алмады. Кейін,  бразилиялықтар Винидің көмегінсіз пенальти сериясында жеңіліп, өкінішке қарай турнирден шығып кетті.

Екіншіден, атап айтқандай Испанияның триумфы және Дани Карвахальдың өнері. Мадридтік қорғаушы, бразилиялықтан айырмашылығы, ұлттық құрамамен Еуропа чемпионатын мінсіз өткізді. Бұл оның «Алтын доп» үшін күрестегі позициясын айтарлықтай нығайтты.

Еуроның Алтыны рейтингте Родри мен Ямалды да көтерді - испандықтар үшін коэффициент айтарлықтай төмендеді.

Үшіншіден, Тони Кроос, Киллиан Мбаппе және Фил Фоден үміткерлер тізімінен шығып кетті. Мұндай өзгерістер ұлттық құрамалардың чемпионат кезінде нашар ойын көрсеткенінен әсер етті. 

Айтқандай, ұлттық үзіліске дейін және «Реал» «Боруссияны» жеңген Чемпиондар лигасының финалынан кейін тізім келесідей еді:

    ⁃    Винисиус Джуниор (Реал Мадрид, Бразилия) – 1,4 коэффициент 
    ⁃    Джуд Беллингем («Реал Мадрид», Англия) – 4,5 
    ⁃    Тони Кроос («Реал Мадрид», Германия) – 9.00 
    ⁃    Килиан Мбаппе («Реал Мадрид», Франция) – 15.00 
    ⁃    Гарри Кейн («Бавария», Англия) – 15.00 
    ⁃    Фил Фоден (Манчестер Сити, Англия) 15.00

Енді елеулі өзгерістерден кейін рейтинг келесідей: 
    ⁃    Винисиус Жуниор (Реал Мадрид, Бразилия) – 2,4 коэффициент 
    ⁃    Родри (Манчестер Сити, Испания) – 2,9 
    ⁃    Джуд Беллингем («Реал Мадрид», Англия) – 5,5 
    ⁃    Дани Карвахаль («Реал Мадрид», Испания) – 8,5 
    ⁃    Ламин Ямал (Барселона, Испания) - 12 
    ⁃    Лионель Месси («Интер Майами», Аргентина) – 15 

Родри Винисиусты басып озады ма екен?Әлде бразилиялық ойыншы өзін бірінші орынға қойып үлгерді ме?