Әлем чемпионы атанған маман енді "Каспийді" баптайды
Сержио Бенатти – "Каспий" футзал клубының жаңа бапкері
"Каспий" футзал клубының бас бапкері болып Сержио Бенатти тағайындалды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ойыншы ретінде Сержио Бенатти 1989 жылы Бразилия құрамасы сапында футзалдан әлем чемпионы атанды. Бразилиялық маман жаттықтырушылық мансабын 2003 жылы бастады.
Оның басты жетістігі ретінде Чемпиондар лигасының 2004/05 маусымын белгиялық "Аксьон 21" клубымен жеңіп алғанын айтуымызға болады. Сондай-ақ, Сержио Бенатти өзінің бапкерлік мансабында "Никель", италиялық "Марка", нидерландтық "Де Хоммель", грузиялық "Иберия Стар", франциялық "Гарджес Джибсон" және даниялық "Ерринг" секілді клубтарды жаттықтырған.