Олимпиада чемпионы бұл байрақты бәсекедегі мүмкіндігімізді саралады
Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Париждегі дүбірлі додада толық құрамда қатысатын және көпшілік үміт артып отырған команда. Атақты қазақстандық боксшы, Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Kazinform порталына берген сұқбатында Франция астанасында жұдырықтасатын боксшылардың әлеуетін бағамдады. Бұл туралы Dopmedia.kz хабарлайды.
1Тәуелсіз Қазақстан спортшылары үшін Париждегі жазғы Олимпиада ойындары өз кезегінде сегізінші байрақты бәсеке болады. Токио Олимпиадасынан басқа барлық додада отандық былғары қолғап шеберлері алтын медаль жеңіп алды. Қазіргі құрамада осы Олимпиадада өзінің біліктілігімен елді қуанта алатын мықты боксшылар бар. Иә, біздің команда барлық салмақ дәрежесі бойынша лицензияға ие болды, бірақ басты үміт тәжірибелі Сәкен Бибосынов пен Қамшыбек Қоңқабаевқа, капитан Асыланбек Шымбергеновке, шебер боксшы Махмұд Сабырханға артылып отыр. Қалған боксшыларымыздың да жүлдеге таласу мүмкіндігі жоғары. Ағайынды Айбек пен Нұрбек Оралбай, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бірнеше рет өздерінің кез келген сынға дайын екенін көрсеткен1, – деді Ермахан Ыбырайымов.
Айта кетелік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Франция астанасында өтетін Олимпиада ойындарына бокстан Қазақстан ерлер құрамасы толық құрамда қатысады. Байрақты бәсекеде ел намысын Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Айбек Оралбай (92 к) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 кг) қорғайды.