Жаңазеландиялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын мазақ етті (видео)
Жаңазеландиялық боксшы келемеждеп видео түсірді
Жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайлович орта салмақтағы WBO және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлын келемеждеп видео түсірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Андрей Михайлович пен Жәнібек Әлімханұлы 14 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) кездесуі керек болған. Бірақ та отандасымыз салмақ қуу барысында ағзасына су жетіспей, есінен танып, ауруханаға түсіп қалдды.
Андрей Михайлович қазақ боксшысын мазақ етіп видео түсіріп, Instagram желісіндегі парақшасына жариялап қойды. Бұл бейне материалда Андрей Михайлович асфальтқа "Janibek" деп жазып, оның жанында билеп жүр. Содан кейін жазудың үстіне ұнтақ сеуіп, оған су шашады. Бұл видеоға Андрейден бөлек, оның әйелі мен екі баласы да қатар түскен. Видеоның соңында:
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мансабын орта салмақта жалғастыратынын айтып, қарсыластарына үндеу жасаған болатын.