Бокс

Әлімханұлы VS Канело: жекпе-жек қашан өтеді?

WBO және IBF нұсқалары бойынша бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Әлімханұлы ауыр салмақтағы боксшылармен күш сынасып, шаршы алаңда мексикалық Сауль Канело Альвареспен және Девид Бенавидоспен кездескісі келетінін айтты. Бұл туралы dopmedia.kz хабарлайды. 


Айта кетейік, қазақстандық боксшы 14 шілде күні Андрей Михайловичпен жекпе-жек өткізуі керек болатын. Алайда, денсаулығының күрт нашарлағанына байланысты жекпе-жек кейінге шегерілді.