Футбол

Нико Уильямс "Барселонаға" ауысуы мүмкін бе?

Испандық жартылай-қорғаушы Нико Уильямс "Барселона" футбол клубының ұсынысын қарастыруда

Германия ұлттық құрамасы мен "Бавария" футбол клубының экс-ойыншысы Лоттар Маттуестың ойынша, Уильямс "Атлетико Бильбао" сапындағы мансабын аяқтап, оны "Барселонада" жалғастыруы керек.  Бұл туралы dopmedia.kz хабарлайды. 

Айта кетейік, испандық ойыншының "Барселона" сапына ауысуына аз қалды. 

14 шілде күні Уильямс Испания ұлттық құрамасымен бірге Еуропа чемпионы атанды. Англияға қарсы шешуші ойында құраманың жеңіске жетуіне септігін тигізіп, қарсылас қақпаға екінші голды салып кеткен болатын.