Нұралы Әліпке топ-клубтардан ұсыныс түсті ме? – ҚФФ жауап берді
ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов бұл мәселеге жауап берді
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов "Зенит" футбол клубының қорғаушысы Нұралы Әліпке топ-командалардың қызығушылығы туралы тараған ақпаратқа түсініктеме берді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Бұған дейін "Қайрат" футбол клубының төрағасы Қайрат Боранбаев Қазақстан құрамасының қорғаушысына еуропалық топ-клубтардың қызығушылық танытқанын айтқан болатын.
Бұл ақпарат туралы ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов осы бағыттағы қауесеттердің болғанын, бұл мағлұматтың одан әрі тарауына журналистердің ықпалы бар екенін жеткізеді және аталмыш ақпараттың фейк екенін айтады.
Ал қазақстандық футболшылардың топ-клубтарда ойнауға мүмкіндігі туралы Әділет Барменқұлов: