Ерлер

"Тобыл" негізгі құрамда шығатын ойыншылар тізімін жариялады

"Тобыл" – "Ружомберок" матчының негізгі құрам ойыншылары жарияланды

Бүгін, 18 шілдеде УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында "Тобыл" мен "Ружомберок" командалары Қостанайда жауапты кездесу матчын өткізеді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Бұл матчта негізгі құрамда алаңға шығатын ойышылар тізімі жарияланды:

"Тобыл": Покатилов, Габараев, Миладинович, Ндиайе, Тапалов, Мосиашвили, Эссьен, Чесноков, Эль-Мессауди, Энен, Иванович.

"Ружомберок": Фрухвалд, Мойжиш, Малы, Кестл, Домонкос, Мудры, Лавринчик, Лутеран, Хриен, Келемен, Гладик.

 Бұл матч сағат 20:00-де басталады. Ойынды Ел Арна мен Sport Plus Qazaqstan арналары көрсетеді.

Айта кетелік, Словакияда өткен бірінші ойында қостанайлық клуб 2:5 есебімен жеңіліс тапқан болатын.