Футзал

Қазақстан құрамасының ойыншысы "Қайраттан" кетті

Арнольд Кнауб "Қайрат" футзал клубынан кетті

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб Instagram желісіндегі парақшасында алматылық "Қайраттан" кететіні туралы айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Айта кетейік, Арнольд Кнауб 2024 жылдың қаңтар айынан бастап "Қайрат" сапында өнер көрсеткен. 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері, 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалисті, сондай-ақ 2016 жылғы әлем чемпионатының қатысушысы.