Футбол

Коул Палмерге жаңартылған келісімшарт ұсынылады

«Челси» ағылшындық жартылай-қорғаушыға жаңа келісімшарт ұсынады.

Коул Палмер 2023/24 еуро маусымының басты сенсацияларының біріне айналды, ал Еуро-2024-те өзінің резервтік мәртебесіне қарамастан, финалдық матчта гол соқты,-деп хабарлайды dopmedia.kz 

«Челси» жартылай қорғаушының еңбегін жоғары бағалап, оны 2033 жылға дейін «Стэнфорд Бриджде» сақтап қалу үшін жаңартылған келісімшарт ұсынды.

Бүгінгі күнге дейін Палмер «Челси» сапында 25 гол соққан. 

«The Telegraph» газетінің хабарлауынша, Палмер қазір аптасына 80 мың фунт стерлинг алады екен. Келісімшарт жаңарған жағдайда футболшының жалақысы өседі.