Футбол

Конференция Лигасы: «Астана» кіммен ойнайды?

ФК «Астана» қарсыласы анықталды

ФК «Астананың» Конференция Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды dopmedia.kz тілшісі.

Елордалық клуб турнирдің екінші іріктеу кезеңінде молдовалық «Милсами» командасына қарсы бақ сынасады. 

Бірінші іріктеу кезеңінде молдовалықтар Беларусьтің «Торпедосымен» кездесті. Сомбатхейде(Венгрия) өткен бірінші ойында беларустар алаң иелері болып танылып, ойын 4:2 есебімен Милсамидің пайдасына аяқталды. Ал, Молдовадағы қарымта кездесу тең аяқталды.

«Астана» 25 шілде күні сырт алаңда «Милсамимен» ойнаса, 1 тамызда молдовалық клубты Алматыда  қабылдайды.