Футбол

Лени Йоро «МЮ» сапында ойнайды

18 жасар орталық қорғаушы Лени Йоро «Манчестер Юнайтед» клубына ауысты

Англиялық клуб 18 жасар Йоромен 5+1» сызбасы бойынша келісімшарт жасасты,-деп хабарлайды dopmedia.kz 

Кәсіби мансабымның ерте шағында «Манчестер Юнайтед» сапында жалғастыру мен үшін үлкен мәртебе. Бірінші кездесуден кейін клуб басшылығы менің қалай жаттығатынымды және мансабымның қалай құрылатыны бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, маған және менің отбасыма барлық жағдайды жасап берді. Жастайынан бұл клубқа ауысып, өсіп-өнген талай ойыншыларды білемін. Олардың жолы маған да бұйырады деп сенемін»,- деді Йоро. 

Биылғы маусымда Йоро 44 ойын өткізіп, 3 гол салды.