Ерлер

Ла Лигада ең көп жалақыны қай футболшы алады?

Бұл тізімде Мбаппе тек үшінші орынға жайғасқан

Ла Лиганың 2024/25 жылғы маусымында ең көп жалақы алатын ойыншылары аталды. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Ла Лигада (Испания чемпионаты) ең көп жалақы алатын ойыншы – Барселонаның жартылай қорғаушысы Фрэнки Де Йонг. Саpology сайтының мәліметтері бойынша, нидерландтық футболшы жылына 37,5 миллион еуро жалақы алады. Ал екінші орынға жылдық кірісі 33,3 миллион еуро деп бағаланатын "Барселона" шабуылшысы Роберт Левандовский жайғасқан. "Реал Мадрид" қатарына қосылған Мбаппе жылына 31,3 миллион еуро жалақы алып, үздік үштікті түйіндеп тұр.

Ла Лигада жоғары жалақы алатын ойыншылардың ондығы:

1. Фрэнки Де Йонг ("Барселона") – 37,5 миллион еуро;

2. Робрет Левандовский ("Барселона") – 33,3 миллион еуро;

3. Килиан Мбаппе ("Реал Мадрид") – 31,3 миллион еуро;

4. Давид Алаба ("Реал Мадрид") – 22,5 миллион еуро;

5. Джуд Беллингем ("Реал Мадрид") – 20,8 миллион еуро;

5. Ян Облак ("Атлетико Мадрид") – 20,8 миллион еуро;

5. Винисиус Жуниор ("Реал Мадрид") – 20,8 миллион еуро;

8. Илкай Гюндоган ("Барселона") – 18,7 миллион еуро;

9.Федерико Вальверде ("Реал Мадрид") – 16,6 миллион еуро;

10. Тибо Куртуа ("Реал Мадрид") – 15 миллион еуро.