Ерлер

Қазақстандық клубтар еурокубоктың келесі кезеңінде кіммен ойнайды?

Еурокубоктың екінші кезеңіндегі қарсыластар белгілі болды

Отандық футбол клубтарының 2024/2025 жылғы еурокубок маусымының екінші іріктеу кезеңінде кіммен кездесетіні белгілі болады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды. 

Елордалық "Астана" футбол клубы УЕФА Конференция лигасын екінші іріктеу раундынан бастайды. Елордалық ұжым молдовалық "Милсами" командасына қарсы матч өткізеді. 25 шілдеде сырт алаңда, 1 тамызда Алматыда кездеседі.

Шымкенттік "Ордабасы" футбол командасы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде молдовалық "Петрокуб" командасынан 1:0 есебімен жеңіліп қалған болатын. Шымкенттік ұжым енді УЕФА Конференция лигасында люксембургтік "Дифферданж" командасына қарсы ойын өткізеді. Бірінші матч 25 шілдеде сырт алаңда, жауапты кездсу 1 тамызда Қазақстанда өтеді.

Қостанайлық "Тобыл" футбол клубы УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде словакиялық "Ружомберок" командасына 3:5 есебімен есе жіберіп қойды. "Тобыл" командасы да еурокубок маусымын УЕФА Конференция лигасында жалғастырады. Онда швейцариялық "Санкт-Галленмен" кездеседі. Бірінші матч 25 шілдеде сырт алаңда, жауапты ойын 1 тамызда Қазақстанда болады.

Ал "Ақтөбе" футбол клубы УЕФА Конференция лигасының бірінші іріктеу кезеңінде босниялық "Сараевоға" есе жіберіп, еурокубок маусымындағы жорығын аяқтады.