Футбол

Мароккода әлемдегі ең үлкен футбол стадионы салынады

Бұл стадион Астана Аренадан үш есе үлкен

Мароккода 115 000 орынға жоспарланған әлемдегі ең үлкен футбол стадионының суреттері әлеуметтік желіде тарады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Бұл стадионның аты Grand Stade Hassan II деп аталады және Бен-Слиман қаласында салынбақ.

Әлеуметтік желіде болашақ стадионның компьютерлік визуализациясы жарияланды. Аренаның архитектуралық идеясы дәстүрлі марокколық шатырдың бейнесіне негізделген. 

Grand Stade Hassan II стадионының құрылысы 2024 жылдың соңында басталады және жоспар бойынша 2028 жылы аяқталады деп күтілуде.

Шымкентте 35 000 адамға арналған жаңа стадион салынады

Астана Арена стадионы – 30 200 орын

Алматыдағы Орталық стадион – 23 800 орын

Түркістан Арена стадионы – 7000 орын

Ақтөбедегі Қобыланды батыр стадионы – 12 800 орын

Қостанайдағы Орталық стадион – 8050 орын

Семейдегі Спартак стадионы – 8000 орын