Жаңалықтар

Олимпиада медальдары неден жасалған?

Биыл Париж қаласында өтетін Олимпиа ойындарының медальдары неден жасалғаны белгілі болды

Олимпиада қорытындысынан кейін табысталатын медальдар бұрын  жөндеу жұмыстары кезінде алынған Эйфель мұнарасының түпнұсқа сынықтарының балқымасынан жасалған,-деп хабарлайды dopmedia.kz 

Алтыбұрыш пішінінде жасалған бөліктің ортасында Жазғы Олимпиада ойындарының логотипі тұр. Алтыбұрыш – Францияның картасы.

Франция астанасы Париж қаласында өтетін XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысады деп жоспарланған.