Үлкен теннис

Уимблдон-2024: Рыбакина екінші айналымға өтті

Бірінші айналымда румыниялық аттасы Елена Габриэла-Русены 6:3; 6:1 есебімен ойсырата жеңген Рыбакина турнирдің екінші айналымына жолдама алды.

Ойынның ұзақтығы 1 сағат 11 минутты құрады. Бұл уақыт ішінде ракеткамыз жеті брейк-пойнттың төртеуін сәтті іске асырды.

Келесі кездесуін әлемнің 72-ші ракеткасы, германиялық Лаура Зигемундпен өткізеді. 

Тартысты ойынды 3 шілде күні “QazSport”  арнасынан тамашалай аласыздар.