Жаңалықтар

ПАРИЖ-2024: Луценко Олимпиадаға қатыса алмауы мүмкін

Алексей Луценко жарақатына байланысты Олимпиадаға қатыса алмауы мүмкін.

Алексей Луценко "Тур де Франс" турнирінің 17-кезеңін тізе жарақатына байланысты аяқтай алмаған еді. Осының салдарынан велошабандоз Париж Олимпиадасына қатыса алмауы мүмкін, деп хабарлайды dopmedia.kz

Айта кетейік, Қазақстан командасының көшбасшысы Алексей Луценко үшін бұл мансабындағы екінші Олимпиада болмақ. Ол бұған дейін Токио Олимпиадасына қатысып, топтық жарыста 21-орын, ал жекелей сында 32-орынға ие болған