Футбол

Мбаппе «Барселонаға» қарсы ойынға қатыспайды

«Реал Мадридтің» шабуылшысы Килиан Мбаппе АҚШ-тағы жазғы турнир кезінде «Барселонаға» қарсы ойнамайды.

Адриан Санчестің ақпараты бойынша, оған екі себеп бар. Біріншіден, Киллиан Еуропа чемпионаты кезінде алған мұрын жарақатын емдеуі керек. Екіншіден, клуб Еуро мен Америка кубогының жартылай финалына шыққан ойыншыларға қосымша демалыс берген.

Мбаппеден бөлек «Барселонаға» қарсы Эдуардо Камавинга, Джуд Беллингем, Федерико Вальверде мен Орельен Тчуамени ойнамайды.