Футбол

Еуро-2024: Нидерланды құрамасы Румынияны ойсырата жеңді

Мюнхендегі кездесуде қақпаға 3 гол соғылды.

Ойынның 20-шы минутында Нидерланды құрамасының шабуылшысы Коди Гакпо Флорин Ниценің қақпасына гол салып, турнирдің ең үздік бомбардирлері: Джамал Мусиала (Германия), Иван Шранц (Словакия) және Жоржем Микаутадземен (Грузия) теңесті. 

Екінші таймның 63-ші минутында Гакпо есепті жаңарта алатын еді, бірақ соққысы офсайд ретінде саналды. 

Қосымша уақытта Дониэлл Мален қарсы шабуылүа шығып, 3:0 есебімен ойынның нүктесін қойды. 

Чемпионаттың 1/4 финалында Рональд Куманның жігіттері Аустрия-Түркия додасының жеңімпазына қарсы бақ сынасады.