Оразов Даниядағы алғашқы дебютын жасады
Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Дания чемпионатындағы бірінші ресми ойынына қатысты
Рамазан Оразов «Силькеборг» сапында негізгі құрамда алаңға шықты,-деп хабарлайды dopmedia.kz
Даниялық команда жасыл алаңда «Сеннерйюск» командасын қабылдауда.
Айта кетейік, Рамазан Оразов Дания Суперлигасының сапында ойнап жатқан алғашқы қазақ ойыншысы.