Үлкен теннис

Екі қазақстандық төреші теннистен Олимпиадада төрелік етеді

Екі қазақстандық төреші байрақты бәсекеде жұмыс істейді

Париж Олимпиадасының төрешілер қатарына теннистен екі қазақстандық – Меруерт Кәукеева мен Юлия Игнатченко кірді. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметіне сүйенетін болсақ, Меруерт пен Юлия – күміс белгісі бар халықаралық дәрежедегі төрешілер. 

Кәукеева мен Игнатченко қатарынан екінші Олимпиадаларында төрешілік етеді. Олар осыған дейін 2021 жылы Токиода өткен Олимпиада ойындарында төрелік еткен болатын.

Айта кетелік, Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын жекелей сында Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик пен Александр Шевченко қорғайды. Сондай-ақ жұптық сында Бублик пен Александр Недовесов өнер көрсетеді.