Лига Кубогының аясында отандық клубтар қанша табыс тапты?
Топтық кезеңнен кейін клубтар қанша қаражатқа ие болды?
19-21 шілдеде Лига кубогының үшінші турының матчтары өтті. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Лига кубогы – коммерциялық турнир. Жалпы жүлде қоры – 450 миллион теңге. Турнирге қатысқаны үшін әр команда 8 миллион теңге, ал топтық кезеңдегі жеңіс үшін 5 миллион теңге және тең нәтиже үшін 2,5 миллион теңге алады. Бұл турнирде жеңімпаз ең көп дегенде 134 миллион теңгеге дейін еншілей алады.
Топтық кезеңнен кейін Лига кубогының қатысушылары тапқан табысы:
1-2. "Қайрат" – 30,5 миллион теңге;
1-2. "Елімай" – 30,5 миллион теңге;
3-4. "Жеңіс" – 28 миллион теңге;
3-4. "Астана" – 28 миллион теңге;
5-6. "Ақтөбе" – 18 миллион теңге;
5-6. "Каспий" – 18 миллион теңге;
7-9. "Қызылжар" – 15,5 миллион теңге;
7-9. "Атырау" – 15,5 миллион теңге;
7-9. "Ордабасы" – 15,5 миллион теңге;
10-15. "Ақжайық" – 13 миллион теңге;
10-15. "Тараз" – 13 миллион теңге;
10-15. "Қайсар" – 13 миллион теңге;
10-15. "Тобыл" – 13 миллион теңге;
10-15. "Шахтер" – 13 миллион теңге;
10-15. "Жетісу" – 13 миллион теңге;
16. "Тұран" – 10,5 миллион теңге.