Футбол

Маркес "Барселонадан" кетті

ФК "Барселона Б" бапкері Рафаэль Маркес клубтағы мансабын аяқтады

"Барселона Б"  бапкері Рафаэль Маркес каталониялық командадан кетіп, жақын арада Мексика құрамасының жаттықтырушылар штабына кіруі мүмкін деп хабарлайды dopmedia.kz 

Каталониялық клуб бапкермен келісімшарттың бұзғанын мәлімдеді. Маркес 2 маусым бойы "Барселона Б" футбол клубын жаттықтырды. Оның жетекшілігімен команда 82 ойын өткізіп, 40 рет жеңіске жетіп, 21 рет тең түсіп және 21 рет жеңіліске ұшырады. 

Мексикандық Рафаэль "Барселона" футбол клубы сапында 2003-2010 жылдар аралығында ойнап, 4 рет Испания чемпионы атанды және 2 рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.