Футбол

Қазақтардың шаруасымен қолым босамай жүр – Черчесов

Станислав Черчесов уақыты болмай жүргенін айтты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Матч ТВ арнасына берген сұқбатында Ресей біріншілігінің ойындарын көруге уақыты болмай жүргенін айтты. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов сенбі күні Ресей чемпионатының бірінші туры кезінде "Локомотив" пен "Акрон" клубтары арасындағы матчты тамашалады. Алайда ресейлік тілшілер Черчесовтен "Спартак" – "Оренбург" ойыны жайлы пікірін сұрады.

Айта кетейік, 3 маусымда Станислав Черчесов Магомед Адиевтің орнына футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып тағайындалған болатын.