Футбол

Неймар дүниеге келген сәбиінің суретін жариялады (фото)

Неймардың үшінші перзенті дүниеге келді

Футболдан Бразилия құрамасы мен "Әл-Хилял" клубының шабуылшысы Неймар жаңа туған қызының суретін жариялады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.

Жұлдызды шабуылшы Instagram желісіндегі парақшасында 3 шілдеде модель Аманда Кимберлиден туған қызының суреттерін бөлісті. Қызын Хелена деп атады және бұл неймардың үшінші баласы.

Айта кетелік, Неймардың үш баласы үш әйелден дүниеге келген. Дави Лукку есімді ұлы – Каролина Дантостан, Мэви есімді қызы – Бруна Бьянкардидан, Хелена есімді қызы – Аманда Кимберлиден туған.